homepage
Фото: gov.kz

Маңғыстау облысының әкімі Ақтау тұрғындарын қабылдады

06.12.2025, 12:34

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қаласының 150 тұрғынын жеке мәселелері бойынша қабылдады деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Әкіммен жүздесуге келген азаматтар негізінен тұрғын үй мен жер алу, үлестік құрылыс, жұмыссыздық, денсаулық сақтау, білім, кәсіпкерлік, коммуналдық тарифке қатысты сұрақтарын жеткізді. 

Аймақ басшысы әрбір өтінішті мұқият тыңдалып, тұрғындардың көтерген сұрақтары заң аясында қаралатынын айтты. Бірқатар мәселелер сол мезетте шешімін тапса, қосымша уақытты қажет ететін сұрақтар бойынша мәселенің мән-жайына қарай облыстық басқармалар мен Ақтау қаласының әкімдігіне тиісті тапсырмалар берілді.