homepage
Фото: Qazaqparat

Шри-Ланкада табиғи апаттан қаза тапқандар саны 607 адамға жетті

06.12.2025, 11:07

Шри-Ланкада табиғи апат салдарынан тағы 214 адам із-түзсіз жоғалды. Апат салдарынан 2 миллионнан астам адам зардап шеккен, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ресми мәлімет бойынша, 4164 үй толық қираған, 67 505 баспанаға ішінара зақым келген. Ел билігі зардап аймақтарында көмек көрсету және эвакуациялау жұмыстарын күшейтіп жатыр.

Солтүстік-шығыс муссондарына байланысты 9–11 желтоқсан аралығында кей өңірлерде жауын-шашын көлемі қайта ұлғаятыны болжанып отыр.