Қазақстанның сейсмологиялық қызметі 6 желтоқсанда түнгі 02:04-те жер сілкінісін тіркеді. Дүмпу ошағы Алматыдан 565 шақырым қашықтықта, Өзбекстан аумағында болған. Тараз және Шымкент қалаларында оның күші 2 баллға жетті деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Зардап шеккендер жөнінде ақпарат жоқ. Өзбекстанның сейсмопрогностикалық мониторинг орталығы дүмпу Пап ауданында тіркелгенін, ошағы 17 шақырым тереңдікте және магнитудасы 4,5 болғанын хабарлады. Эпицентрде 5 баллға дейін сезілген. Дүмпудің әсері Наманган, Ферғана, Андижан, Ташкент және Сырдария өңірлерінде 2–3 балл аралығында байқалды.
4 желтоқсанда Қытайдың оңтүстік Синьцзян аймағында магнитудасы 6,1 жер сілкінісі тіркелген еді. Оның дүмпулері Алматы мен Жетісу, Алматы және Жамбыл облыстарында сезілген. Осы оқиғадан кейін ғылыми сейсмология орталығы жиын өткізіп, Алматыда күшті жер сілкінісі болмайды деп мәлімдеген.