Олжас Сүлейменов Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығына ұсынылды, деп хабарлады «Байтақ» жасылдар партиясының баспасөз қызметі.
“Бұл бастама тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің тыныштығы үшін аянбай еңбек еткен дара тұлғаның еңбегін жоғары деңгейде мойындау” делінген ресми хабарламада. Партия өкілдері Нобель комитетіне Олжас Сүлейменовтің кандидатурасын қарастыру жөнінде ресми өтініш жолдаған.
«Олжас Сүлейменовтің тарихи рөлі, әсіресе оның «Невада-Семей» қозғалысындағы қызметі Семей ядролық полигонын жабудың шешуші факторы болды. Оның үстіне, оның бастамасы мен Қазақстанның халықаралық аренадағы белсенді жұмысының арқасында бірнеше елде, соның ішінде АҚШ-тың Невада штатында тағы төрт ірі ядролық сынақ полигоны жабылды. Бұл жаһандық қауіпсіздікке қосылған қомақты үлес», - дейді партияның өкілі.
Айта кетейік, 2025 жылы Нобельдің бейбітшілік сыйлығын Венесуэла саясаткері Мария Корина Мачадо иеленген.