homepage
фото: ашық дереккөзден

Тағы бір допинг дауы

06.12.2025, 01:24

Қазақстан боксында тағы бір допинг дауы. 2023 жылғы Әлем чемпионатының финалисі​ Дулат Бекбауов антидопинг ережесін бұзғаны үшін екі жылға шеттетілді. 

Агенттік ақпаратына сәйкес, Бекбауов соңғы 12 айда допинг-бақылау мамандарына өзінің орналасқан жері туралы деректерді дұрыс және толық бермеген. Спортшылар үшін бұл антидопингтік талаптың өрескел бұзылуы болып саналады. Осыған байланысты оған 2025 жылдың 18 қарашасынан 2027 жылдың 17 қарашасына дейін екі жыл мерзімге шеттету жазасы қолданылды.

Айта өту керек, бұл шешім тек әуесқой боксқа қатысты. Дулат Бекбауов осы жылдың шілде айында кәсіпқой бокста дебют жасаған еді. Аталған шектеу оның кәсіпқой мансабына әсер етпейді, ол кәсіби рингте өнер көрсете алады.