Қазақстан киіктің мүйізін енді экспортқа шығара алады. Самарқандта өткен CITES конвенциясына мүше тараптардың 20-конференциясында Қазақстан популяциясындағы сайғақ мүйізіне қойылған нөлдік экспорттық квотаны алып тастау туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Juzmedia.
Бұл ұсынысты 111 ел — қолдап, жеті ел — қарсы болған.
5 желтоқсанда конференцияның ресми жабылу рәсімінде CITES-тің бас хатшысы Ивонн Игуэро Қазақстанның сайғақты сақтаудағы жетістіктерін атап өтті.
«Қазақстандағы ақбөкен саны - 21 мыңнан төрт миллионнан астам басқа дейін өсті. Бұл жақсы нәтиже және ол қазақстандық дериваттардың халықаралық саудасын қатаң бақылай отырып бастауға мүмкіндік берді», — деді ол.
Естеріңізге сала өтсек, 2023 жылы елдегі киік саны 21 мыңға дейін азайып кеткенде, сайғақ мүйізінен жасалған немесе оны өңдеу арқылы алынған өнімдерді шетелге шығаруға тыйым салынған. CITES — жойылып кету қаупі төніп тұрған жабайы жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің халықаралық саудасын реттеуге арналған конвенция.
Бұған дейін, Экология министрі журналистердің сұрағына жауап бере отырып, киіктің мүйізін сату арқылы қазынаға қанша қаржы түсетінін білмейтінін айтқан.