homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Туристер таңдауы: welcome to Kazakhstan

05.12.2025, 17:20

Биыл қаңтар–қыркүйек аралығында елдегі қонақүйлерге тоқтаған туристер саны 12,4% өскен, деп хабарлайды Juzmedia.kz Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйеніп. 

Туристердің негізгі ағыны көрші Ресейден – 333,3 мың адам (+8,3%). Қытайдан келген қонақтар саны күрт өскен – 183 мыңға жуық (43,8%), алыс Аустралиядан да ат арылтып келгендер жетерлік – 65,6 мың турист, талғамы жоғары француздық туристердің де саны 33,3% артқан. Сондай-ақ, Италия, Германия, Испания, Оғтүстік Кореядан келген  қонақтар саны да айтарлықтай көп. 

Ал, есесіне АҚШ-тан келетін қонақтар саны 9,8%, Ұлыбританиядан келетін меймандар – 2,4%, БАӘ – 3,8% қысқарған. 

Келушілердің дені қонақүйлерді таңдаған – 5,9 млн адам, бірқабатты бунгало, шале, коттедждер мен шағын үйлерде – 1,1 млн адам, туристік базаларда– 170,6 мың адам (+35,6%) тоқтаған. 

Курорттық аймақтар бойынша, туристер арасында ең танымал ол әрине, Алматының таулары. Онда 2,2 млн-нан астам келушіге қызмет көрсетілген. 

Сондай-ақ, Маңғыстау облысында – 308,9 мың, Ақмола облысына – 373,2 мың турист аялдаса, Алакөл курорттық аймағы 248,1 мың келушіні, ал Балқаш аймағы – 169,2 мың мейманды қарсы алған. 

Жалпы, жыл басынан бері Қазақстанның курорттық аймақтарына 3,9 млн адам келіп, оларға 154,7 млрд теңгеге қызмет көрсетілген.