homepage
Фото: ашық дереккөзден

Ұлттық буржуазия: Тоқаев кімдерді марапаттады?

05.12.2025, 16:36

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының лауреаттарын марапаттады. Президент не деді, кімдерді марапаттады  Juzmedia.kz баяндайды. 

Дәстүрлі кездесуде президент елдегі қазіргі экономикалық саясат пен реформалар туралы ұзақ сөйледі. “Биыл Қазақстан экономикасының өсімі 6 пайыздан асады деп болжануда. Бұл – соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткіш”, деді ол. Сонымен қатар, жиында ел экономикасының осал тұсын айтпай кеткен жоқ. Ол – импорт мәселесі. Әсіресе, ауыл шаруашылығында. 

“Импорт өте көп. Ол көзге анық көрініп тұр. Бірқатар тауар номенклатурасы бойынша сырттан келетін өнімге тым тәуелдіміз. Бұған жол беруге болмайды. Биыл ауыл шаруашылығына 1 триллион теңге қолдау көрсеттік. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Ал, өткен жылы тұтас елде шығарылған өнім көлемі –  8,5 триллион теңге”, деді Тоқаев. 

Дегенмен, жиын соңы марапаттаумен аяқталды. "Парыз" сыйлығы шағын және орта бизнес субъектілері арасында Солтүстік Қазақстан облысының "Ақ-Ниет-Агро" ЖШС табысталды. Ал, ірі бизнес арасынан "Қазақмыс" корпорациясы лайық деп танылды. 

“Алтын сапа" сыйлығына  "Үздік индустриалдық жоба" аталымы бойынша "Karlskrona LC AB" (Шымкент қаласы), "Үздік инновациялық жоба" аталымы бойынша "AG TECH" (Астана қаласы) компаниялары ие болды.