Петропавлда монтаж кезінде көтергіш платформадан құлап кеткен екі жұмысшының бірі оқиға орнында қаза тапты, екіншісі жарақат алды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
СҚО полиция департаментінің мәліметінше, оқиға бүгін болған. 35 жастағы жұмысшы ауыр жарақат алып, сол жерде көз жұмған. 1994 жылы туған екінші жұмысшы денсаулық сақтау мекемесіне жеткізіліп, кейін үйіне жіберілді.
Полиция еңбек қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастағанын мәлімдеді.
Жұмысшылар интернет желісін тартып жатқан. «Қазақтелеком» АҚ аталған оқиға бойынша компания ішінде тексеру басталғанын хабарлады.
Бұған дейін Маңғыстауда құрылысшының алтыншы қабаттан құлап қаза тапқаны хабарланған еді.