homepage
Фото: Ашық дереккөзден

50 мыңнан астам адам банкрот деп танылды

05.12.2025, 15:39

Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың сөзінше, 51 мыңнан астам қазақстандық банкрот деп танылды. Оларға қатысты қарыздар 188 млрд теңге көлемінде тізімнен шығарылды.

"Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңнаманы жетілдіру жұмыстары жалғасуда. Атап айтқанда, қазіргі уақытта Мәжіліс депутаттары қарастырып, қабылдаған түзетулерге сәйкес ломбарлар кредиторлар тізімінен шығарылып, 5 жылдан астам уақыт өтпей, 1600 АЕК-ке дейін қарызы бар азаматтарға банкроттық рәсімнің мерзімі қысқартылды", – деді ол.