homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Өгей әкенің қорлығы

05.12.2025, 12:31

Жамбыл облысында кәмелетке толмаған балаларды 5 жыл бойы құл ретінде ұстап, аяусыз азаптап келген өгей әкеге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Айыпталушы Ұзақбай Тұрбаев кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Еске салсақ, екі жасөспірім биыл тамызда Талас ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінен құтқарылған болатын. Ер адам оларды мал бағуға жегіп, жоғалған әрбір қой үшін таяқ астына алған. Сотталушы кінәсін мойындаудан бас тартты.