Қазақстанда ішкі миграция күшейіп барады. Соңғы бес жылда Астанаға 214 мыңнан астам, Алматыға 179 мыңға жуық, Шымкентке 36 мыңнан астам адам көшіп келген. Бұл туралы Экономикалық зерттеулер институты мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Әсіресе, Қостанай мен Павлодарда халық саны азайып барады. Қарағанды мен Жетісу жұрты да Астанаға көп қоныс аударып жатыр. Биыл қаңтар-қазан аралығында халық саны Алматы және Ақмола облыстарында, мұнайлы өңірлер — Маңғыстау, Атырау, Ақтөбеде артқан.
Сананы – тұрмыс билейді, сарапшылар халықтың көшіп-қонуына табысы жақсы жұмыс іздеуі себеп деп отыр. Егер туу көрсеткіші төмендеп, ішкі миграция осы қарқынмен жалғаса берсе бұ кейбір аймақтар үшін ауырға соғады, әсіресе селдіреп бара жатқан солтүстіктің қауіпсіздігі үшін елаң-алаң күн тууы әбден мүмкін деп сескенеді сарапшылар.