homepage
Фото: Александр Казаков / ТАСС

АҚШ «Лукойлға» салынған санкцияларды уақытша жеңілдетті

05.12.2025, 11:44

АҚШ Қаржы министрлігі Ресей аумағынан тыс орналасқан «Лукойл» жанармай бекеттерінің жұмысын жалғастыруға рұқсат берді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Уақытша жеңілдік 2026 жылдың 29 сәуіріне дейін күшінде болады. Ведомство мұндай шешім шетелдік серіктестер үшін жанармай тапшылығы мен логистикалық қиындықтардың алдын алуға бағытталғанын атап өтті.

Бұл туралы желтоқсан айының басында жарияланды. Сол кезде Ақ үй өкілдері Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп, Украинадағы соғысты тоқтату шарттары бойынша келісімге келуге талпыныс жасаған еді.