homepage
Фото: Ақорда

Еуропа қазақстандықтарға виза режимін жеңілдетпек

05.12.2025, 11:02

Еуропа кеңесінің президенті Антониу Кошта Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөз барысында Еуропаның Қазақстан үшін визалық режимді жеңілдететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Кошатаның айтуынша, Брюссельде визаны жеңілдету жөніндегі келіссөздер осы аптада басталған. Ол бұл қадамның екі тарап азаматтары үшін маңызды екенін атап өтті.

Келісім күшіне енгеннен кейін қазақстандықтардың Еуропаға баруы, оқуы және жұмыс істеуі жеңілдейді. Кошта мұны «халықтар арасындағы достықтың нақты символы» деп атады.