homepage
Фото: ЖИ арқылы жасалды

Сот орындаушысы сотталды

05.12.2025, 10:34

Алматыда жеке сот орындаушысы қызмет бабын пайдаланып, өндіріп алушыларға тиесілі 370 миллион теңгеден астам қаражатты заңсыз иемденгені үшін сотталды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Тергеу барысында оның Range Rover көлігін де алаяқтық жолмен иемденіп, 19 миллион теңгеден астам шығын келтіргені анықталды.

Алмалы аудандық соты айыпталушының қылмыстық жолмен тапқан мүлкін тәркілеп, оны 8 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен бірге сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығынан да айырылды.