Геннадий Головкин ресми түрде Халықаралық бокс Даңқ залына (International Boxing Hall of Fame) енді. 43 жастағы Головкин бұл залда есімі жазылатын алғашқы қазақстандық боксшы болмақ.
Даңқ залына алғашқы болып Мұхаммед Әли енгізілді. Кейінгі жылдары Майк Тайсон (2011), Флойд Мейвезер (2021) және Мэнни Пакьяо (2025) Даңқ залының мүшесі атанды.
Геннадий Головкин рингке 350 мәрте шығып, 345 қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. Ұзақ жылдар бойы ұлттық құраманың көшбасшысы болған Головкин қазақ боксының әлемдік деңгейде танылуына зор үлес қосты.
Кәсіпқой рингкте өткізген 45 жекпе-жектің 37-сін нокаутпен аяқтаған Головкин ұзақ уақыт бойы әлемдік рейтингінің шыңында тұрды. WBA, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атақтарына ие болып, The Ring журналының белбеуін иеленді.
Бүгінде Геннадий Головкин Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетін және World Boxing федерациясын басқарады.