Шымкент әжетханадан әлем чемпионы атанды. Сингапурден жеткен сүйінші хабарды журналист Асхат Ниязов әлеуметтік желіде бөлісіп, әлемдік әжетхана ұйымы жіберген құттықтау хаттың суретін жариялады.
Халықаралық ұйымның негізін қалаушы Джек Сим құттықтаудан бөлек, болашақта Астанада әжетханалар жөнінде Халықаралық саммит өткізу жөнінде ұсыныс білдірген.
Ол осы жазда "Мирас" университетінің ректоры Нұркен Халықбергеннің шақыруымен Шымкентке келіп, қала көшесінде орналасқан инновациялық дәретхананы көріп таңданысын жасырмай кеткен. Айта өту керек, бұл қалалық әкімдік пен университет бірігіп жүзеге асырып жатқан жоба.
Әлемдік әжетхана ұйымы – 2001 жылы Сингапурде құрылған. Ұйым – санитария мен гигиенаның адам өмірі үшін маңызын еске салып, әрбір адамның қауіпсіз әрі жайлы әжетхананы пайдалануға құқығы бар деп санайды. Себебі, таза туалет әлемнің 3,5 млрд тұрғыны үшін проблемаға айналып отыр.