homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Сот орындаушылар заң бұзып жүр

04.12.2025, 17:23

Нұра ауданы прокуратурасы жеке сот орындаушылардың салық төлеу тәртібін тексеріп, заңбұзушылықтарды анықтады деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Талдау нәтижесінде 30 сот орындаушысының табысын төмендетіп көрсеткені, тағы 26-сының мүлде салық төлемегені белгілі болды.

Қадағалау актісі негізінде мемлекет кірісіне шамамен 40 млн теңге өндірілді.

Прокуратура бұл бағыттағы жұмысты жалғастыратынын хабарлады.