homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Елде жасанды интеллект университеті ашылады

04.12.2025, 16:40

Ғылым және жоғары білім министрлігі жасанды интеллект бағытында маманданған жеке университет құру мәселесі қарастырылып жатқанын хабарлады. Ведомство бұл жобаны кезең-кезеңімен әрі терең талдауды қажет ететін бастама деп сипаттады деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Қазір министрлік университеттің тұжырымдамасын әзірлеуде. Осы мақсатта әлемдегі ИИ бағытында оқытатын жоғары оқу орындарының үлгілері зерттеліп жатыр. Олардың қатарында БАӘ-дегі Mohamed bin Zayed University of Artificial Intelligence (MBZUAI), АҚШ-тағы MIT және Northeastern University, сондай-ақ Гонконгтағы HKUST бар.

Сонымен бірге сала мамандарымен және президент жанындағы технологияларды дамыту кеңесімен консультациялар жүргізілуде. Жобаға OpenAI секілді жетекші технология компаниялары да тартылып отыр.

Жобаның нақты мерзімі, орналасатын жері және басқа да параметрлері барлық процедура аяқталған соң жарияланады.

Бұған дейін комитет университеттің жасанды интеллект бойынша ғылым, инновация және халықаралық ынтымақтастықтың орталығына айналатынын мәлімдеген еді.