homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Компания 20 жастағы жұмысшының өлімін жасырмақ болған

04.12.2025, 16:06

Маңғыстау облысында құрылыс алаңында 2005 жылғы жұмысшының мерт болған. Еңбек инспекциясы оның 4 қарашада ашық тұрған лифт шахтасына алтыншы қабаттан құлап қаза тапқанын мәлімдеді деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Құрылыс компаниясы оқиғаны жасыруға тырысқан. Инспекция деректі құқық қорғау органдарынан алған.

Жиырма жастағы жұмысшы кранмен жұмыс істеп жүріп, артқа шегінген кезде тепе-теңдігін жоғалтып, лифт шахтасына құлаған. Алған жарақаты салдарынан оқиға орнында жан тапсырыпты.

Қазір арнайы комиссия құрылып, оқиғаның себептері мен техника қауіпсіздігінің сақталу-сақталмағаны тексеріліп жатыр.