homepage
Фото: ашық дереккөзден

Әлемдегі ең ұзақ әуе рейсі іске қосылды

04.12.2025, 14:01

China Eastern Airlines Шанхайдан Буэнос-Айреске жаңа алыс қашықтықтағы рейсті ашты деп хабарлайды Juzmedia.kz.

MU745 рейсі Пудун әуежайынан түнгі 2-де ұшып, Оклендте екі сағат аялдап, 25 сағат 55 минутта Аргентина астанасына жетеді. Бағыттың жалпы ұзақтығы шамамен 20 мың шақырым.

Кері бағыттағы MU746 рейсі 29 сағатқа созылады. Әуе компаниясы бұл маршрутты Жердің бір-біріне қарама-қарсы нүктелеріндегі екі қаланы тікелей байланыстыратын әлемдегі алғашқы коммерциялық бағыт деп жариялады. Рейс аптасына екі рет Boeing 777-300ER әуе кемесімен орындалады.
 

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.