homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Билік жасырын Telegram-арналарды жазалаудың жолын тапты

04.12.2025, 14:26

5 мыңнан астам жазылушысы бар аноним Telegram-арналардың иесі енді жасырын қала алмайды. Ақпарат және мәдениет министрлігі ҚР кейбір заңнамалық актілеріне онлайн-платформалар және масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер енгізбек, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Сондай-ақ анонимді пайдаланушылардың реестрі жасалады. Идентификациядан бас тартқан жағдайда билік әкімшілік шаралар қолданады. Сондай-ақ, өзге тұлғалардың келісімінсіз олардың бейнелерін жариялағаны үшін, сондай-ақ уәкілетті органдардың талабы бойынша заңсыз контентті өшірмегені үшін жауапкершілік енгізіледі.

Егер Мәдениет және ақпарат министрлігі ұсынған өзгерістер қабылданса, мәліметтерді ұсынбағаны үшін айыппұл мөлшері төмендегідей болады:

Жеке тұлғалар — 20 АЕК (қайталап бұзғаны үшін — 40 АЕК);
Шағын бизнес — 20 АЕК (қайталанса — 40 АЕК);
Орта бизнес — 50 АЕК (қайталанса— 100 АЕК);
Ірі бизнес — 100 АЕК (қайталанса — 200 АЕК).

Басқа тұлғалардың келісімінсіз бейнелерін жариялағаны үшін айыппұл:

Жеке тұлғалар — 30 АЕК;
Шағын бизнес пен ҮЕҰ — 60 АЕК;
Орта бизнес — 100 АЕК;
Ірі бизнес — 200 АЕК.

Ал, заңсыз контентті жою туралы нұсқамаларды орындамағаны үшін айыппұл:

Шағын бизнес — 50 АЕК (қайталанса — 100 АЕК);
Орта бизнес — 100 АЕК (қайталанса — 200 АЕК);
Ірі бизнес — 200 АЕК (қайталанса — 400 АЕК).

2026 жылы белгіленген АЕК көлемі 4 325 десек, төленетін айыппұл көлемі 86 мың 500 теңгеден басталып, ірі бизнес үшін 865 мың теңгеге дейін жетпек.