Париж полициясы Луврдағы ұрлыққа қатысы бар деген төртінші күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Juzmedia.kz. 39 жастағы азамат бұрын алты рет сотты болған, ұрлыққа қатысы бары дәлелденсе ол 15 жылын түрмеде өткізеді.
Тергеу нұсқасы бойынша, ұрылардың екеуі Аполлон Галереясына кірген, қалған екеуі сыртта мотоциклмен күтіп тұрған.
Еске салайық, 19 қазан күні тапа талтүсте қылмыскерлер ұрланған жүк көлігіне орнатылған арнайы сатымен музей терезесін бұзып кіріп, жалпы құны 88 млн еуро болатын 8 зергерлік бұйымды қолды қылған.