Сейсмикалық станциялар 4 желтоқсан күні сағат 12:44-те жер сілкінісін тіркеді. Эпицентр Алматыдан 277 шақырым оңтүстік-шығыс бағытта, Қытай аумағында орналасқан деп хабарлайды Juzmedia.kz
Эпицентр координаттары: 41.021° с.е., 78.387° ш.б. Тереңдігі — 5 км. Жерасты дүмпулерінің энергетикалық класы 14.0, магнитудасы MPV 6.7 болды.
Алматы қаласында есептік қарқындылық үш баллға дейін сезілген.
Жер сілкінісіне байланысты қалада дабыл сиреналары іске қосылып, тұрғындар жаппай эвакуацияланып жатыр.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Мәліметтер нақтылануда.