«Отбасы банк» 4 желтоқсаннан бастап enpf-otbasy.kz платформасында офтальмологиялық қызметтерді біржолғы зейнетақы төлемі есебінен төлеуге өтініш қабылдауды тоқтататынын хабарлады. Банк шешімді Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа ережелерімен түсіндірді деп хабарлайды Juzmedia.kz.
3 желтоқсанда жарияланған өзгерістерге сәйкес, енді зейнетақы жинағын офтальмологиялық және стоматологиялық емдеуге пайдалану рұқсаты толық жойылды. Осы күнге дейін тапсырылған өтініштердің барлығы белгіленген тәртіппен қаралады.
Қазіргі уақытта «офтальмология» бағыты бойынша жалпы құны 13,3 млрд теңгеге 15 808 өтінім тіркелген.