Ойыл аудандық сәулет бөлімінің бұрынғы басшысы мердігерлерден талап еткен пара алып жатқан жерінде ұсталды. Ақша үшін құрылыс компаниялары ауылдардың біріндегі су тасқынынан кейін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуі керек болған, деп хабарлайды деп хабарлайды Juzmedia.kz.
КӨКТЕМДЕ ТАҒАЙЫНДАЛЫП, ЖАЗДА ҰСТАЛҒАН
Аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімінің бұрынғы басшысы, 42 жастағы Айнат Қазмағамбетов бұл қызметке биыл көктемде келген. Ал көп ұзамай, шілде айында пара алып жатқан жерінде ұсталған.
«Көктемгі тасқын Ойыл ауданында үйлерді, электр желілерін, жолдарды қиратып кетті. Сол кезде ауданда жергілікті төтенше жағдай жарияланып, келтірілген шығынды бағалау үшін «Жоба НС жобалау компаниясы» ЖШС тартылды. Сәулет бөлімі серіктестікпен келісімшартқа отырады, алайда бөлім басшысы келісім жасап, жалпы қамқорлық танытқаны үшін алғыс ретінде 100 мың теңге пара талап еткен. Мердігер аталған соманы лауазымды тұлғаға жұмысы үшін төлегеннен кейін аударған», - деп жазады «Диапазон» басылымы.
КЕЛІСІМШАРТҚА ОТЫРҒАНЫ ҮШІН ПАРА АЛҒАН
Сол жазда ол аймақтағы электр желілерін қалпына келтіру үшін басқа мердігермен келіссөз жүргізе бастайды. ЖШС келісімшартқа жалпы соманың 10%ын беру туралы келісімнен кейін қол жеткізеді. Айта кетерлігі, аталған фирма жұмысы үшін 31 млн 202 мың теңге алса, оның 500 мыңын сәулет бөлімінің басшысы алған.
Сотта шенеунік кінәсін мойындап, тіпті прокуратурамен процессуалдық келісімге келген. Нәтижесінде оған 21 миллион теңге айыппұл салынып, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.
МЕРДІГЕР ДЕ ЖАЗАЛАНДЫ
Сондай-ақ мердігерлердің бірі пара бергені үшін жазаланды. Оған да алдағы уақытта мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге де тыйым салынды.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.