Түркия қараша айында Ресейдің Urals маркалы мұнайын импорттауды айтарлықтай қысқартты және орнына Қазақстан мен Ирак шикізатын сатып ала бастады. Бұл туралы Reuters дерегіне сүйеніп, Juzmedia.kz хабарлайды.
Негізгі себеп – "Роснефть" пен "Лукойл" компанияларына қарсы күшейген санкциялар.
Агенттіктің мәліметінше, қарашада Түркияға жеткізілетін Urals көлемі қазан айымен салыстырғанда тәулігіне шамамен 100 мың баррельге азайды.
Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін Түркия Мәскеудің басты сатып алушыларының бірі болған еді. Алайда санкциялар Анкараның мұнай өңдеу зауыттарына да әсер ете бастады. 2026 жылдың қаңтарынан бастап ЕО ресейлік мұнайдан өндірілген өнімдерді қабылдауға толық тыйым салмақ
Осы жағдай Түркияны балама іздеуге мәжбүрледі. Қазақстан экспорты химиялық құрамы жағынан ресейлік мұнайға жақын. Соның нәтижесінде Анкара қазақстандық шикізатқа сұранысын айтарлықтай ұлғайтты.
Reuters дерегі бойынша, Urals жеткізілімдері азайған соң Түркия CPC Blend (Қазақстанда өндіріледі) және KEBCO (Катар) маркалы мұнай импортына көшті.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.