БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш ұйымға мүше елдердің қарызын атады. Дер кезінде төленбеген жарнадан жиналған қарыз көлемі 1,6 млрд долларға жеткен. Бұл ұйымның қалыпты жұмыс істеуін тежеп тұрған көрінеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Ұйымның 2026 жылғы бюджеті 15 пайызға қысқарғанына қарамастан, ұйымның қаржылық жағдайы мәз емес.
БҰҰ дерегінше, 1,586 млрд доллар берешектің ішінде 2024 жылғы төленбеген жарналар (760 млн доллар) және 2025 жылға әлі түспеген қаражат (877 млн доллар) бар. Қараша айының соңына дейін 193 елдің 145-і ғана 2025 жылғы төлемді толық өтеген. Қарыз елдердің қатарында АҚШ пен Ресей тұр,
Қытай өз үлесін толық жапқан.
2026 жылға ұсынылған бюджет 3,24 млрд доллар, бұл өткен жылмен салыстырғанда 577 млн долларға аз. 2681 лауазым қысқарады, ал арнайы миссиялардың шығындары 21% азаймақ.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.