АҚШ президенті Дональд Трамп Газа секторына арналған келісімнің екінші кезеңі таяу уақытта басталатынын мәлімдеді, бірақ нақты мерзімін атаған жоқ деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Оның айтуынша, аймақтағы жағдай біртіндеп қалыпқа келіп, бейбітшілікке бағытталған жұмыс жүріп жатыр, бірақ көпшілік мұны әлі сезіне қойған жоқ.
Келісімнің алғашқы кезеңі атысты тоқтату, Израиль әскерін Газадан шығару, кепілге алынған израильдіктер мен палестиналық тұтқындарды босату және гуманитарлық көмекті жеткізуді қамтыған. Екінші кезең Газа секторын соғыстан кейін басқару үлгісін және оны іске асыратын тетіктерді анықтауды көздейді.