homepage
фото: ашық дереккөзден

Қызмет барысында тағы бір фельдшер қаза тапты

03.12.2025, 17:53

Алматыда кеше түнде болған жол көлік апатынан фельдшер қаза тапты. Қызмет барысында көз жұмған медқызметкердің жасы 23-те. Тағы бір адамның жағдайы ауыр, дейді дәрігерлер. Еске сала өтсек, кеше түнгі бірлер шамасында Саин көшесімен солтүстік бағытта кетіп бара жатқан жедел жәрдем көлігі бұрылыста Киа көлігімен соқтығысып, аударылып қалған.