homepage
Фото: Zakon.kz / Екатерина Елисеева

Электросамокатты пайдалануға жаңа шектеулер енгізіледі

03.12.2025, 15:40

Қазақстанда электросамокат міну тәртібі күшейтіледі. Ішкі істер министрлігі мен депутаттар заңнамаға бірқатар өзгерістер енгізгелі жатыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Салалық министрлік электросамокатпен байланысты жол апаттары көбейді, биылдың өзінде 360-тан астам оқиға тіркеліп, жүздеген адам жараланды, деп мәлімдеді.

Сондықтан, электросамокат тебішулерге тәртіпті қатаңдатпақ. Ең алдымен, электросамокаттарды тротуарда жүргізуге тыйым салынбақ. Сондай-ақ, кикшеринг компанияларының самокаттарын тіркеу, нөмірлеу және техникалық күйін қатаң бақылау міндеті енгізілмек. Құрылғылардың жылдамдығын автоматты түрде шектеу және оларды жаяу жүргіншілерге кедергі келтірмейтін жерлерге қою талабы да күшейтіледі.

Қазіргі қолданыстағы нормалар бойынша электросамокат максималды 25 км/сағ жылдамдықпен жүре алады, ал тротуарда бұл шектеу 6 км/сағ. Жүргізуші 18 жасқа толған болуы тиіс және міндетті түрде қорғаныс құралдарын пайдалану қажет.

Түзетулер әлі талқыланып жатыр. Қорытынды шешім заң жобасы мақұлданғаннан кейін қабылданады.