Каспий құбыр консорциумының инфрақұрылымына жасалған шабуылдан кейін мұнай жөнелту көлемі уақытша төмендегенімен, бұл жағдай мемлекеттік бюджетке елеулі салмақ түсірмейді. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин мәлімдеді деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Оның айтуынша, зақымданған нысандарда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр және жыл қорытындысы бойынша жоспар орындалады.
«Жұмыс жүргізілуде, жөндеу жүріп жатыр. Жыл соңында жоспарды орындаймыз деп отырмыз. Айтарлықтай шығын болмайды», – деді ол.
29 қарашада Новороссийск теңіз портында автопилотты катерлермен жасалған шабуыл салдарынан КТК-ға тиесілі «ВПУ-2» айлақ құрылғысы істен шыққан еді.