Ақтөбедегі әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскер қызметшісі – сарбаз қарауыл қызметін атқарып жүріп қаза тапты, деп хабарлайды Juzmedia.kz Ақтөбе гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жас жігіттің өз-өзіне қол жұмсағаны хабарланды.
«Биылғы 23 қарашада Ақтөбе гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінде мерзімді қызметтегі әскери қызметші күзет қызметін атқару кезінде бекітілген қарудан оқ атып, өзіне қол жұмсады», - делінген баспасөз хабарламасында.
Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, басқа ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайды», - делінген хабарламада.
Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы көз жұмған әскери қызметшінің отбасы мен жақындарына көңіл айтты.