Дегенмен авторға рұқсат бермеу себебі нақтыланбай отыр. Фильм сюжеті 1931 жылғы Қазақстандағы ашаршылық жайында өрбиді. Автор аштықта Түркіменстан ауып кетуге мәжбүр болған отбасының тағдырын көрсетеді. Қанат Майлыбаевтың айтуынша, ол үш аптадан бері Ақтау қаласы және облыс әкімдіктеріне хабарласқан, алайда нақты жауап жоқ.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне түскен өтініші де жауапсыз қалған.
«Қалалық, облыстық әкімдік мұндай мәселені шеше алмады. Бұл картинаны көрсету үшін ешкім жауапкершілік алғысы келмейді. Өкінішті», - дейді фильм авторы.
Режиссер фильмнің тұсаукесерін YouTube арнасы арқылы көпшілікке ұсынбақ.
Еске сала кетейік, басты рөлді әнші Мұрат Қожа сомдайды. Негізгі түсірілім орны Ақтаудан 132 шақырым жерде орналасқан Шайыр ауылында өткен.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.