Қоғамдық орындарда ниқабпен жүргендерге әкімшілік жаза қолданылады. Парламенттің төменгі палатасы заң бұзғандарға айыппұл салуды қарастыратын заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Заң бұзғандарға бірінші рет ескерту жасалады. Қайталанған жағдайда 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салынады.
2026 жылы 1 АЕК 4 325 теңге деп бекітілді, демек қоғамдық орындарда екінші мәрте ниқабпен ұсталған азаматтарға шамамен 43 мың теңге айыппұл салынуы мүмкін.Естеріңізге сала кетейік, ниқабқа тыйым салуды көздейтін заңға президент осы жылдың маусым айында қол қойған.