homepage
Фото: ашық дереккөзден

Тәжікстан ОДКБ-дан әскери көмек сұрады

03.12.2025, 15:04

Тәжікстан Ауғанстанмен шекарадағы қауіптің күшеюіне байланысты Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан (ОДКБ) әскери қолдау сұрағаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Reuters мәліметтерінше, Душанбе Ресей және ОДКБ елдерімен Ауғанстан бағытын күшейту мәселесін талқылап жатыр. Тәжікстанның Ауғанстанмен арадағы шекарасы 1 300 шақырымнан асады және биік таулы, бақылауы қиын аймақ саналады.

Ақпарат көздері соңғы апталарда шекара маңында бірнеше қарулы шабуыл болғанын, салдарынан қаза тапқандар мен жараланғандар барын жазды. Осы оқиғалардан кейін Тәжікстан қауіпсіздік күштерін күшейту қажеттігін мәлімдеп, ұйымнан әскери қолдау сұраған.

Атап айтқанда, шекара күзетін арттыру, әскери кеңес алу, сондай-ақ шекаралық аймақтарда бірлескен операцияларды күшейту тұрғысында көмек керек. 

ОДКБ әзірге ресми шешім жариялаған жоқ, алайда ұйым өкілдері жағдайды бақылап отырғанын және ұйымға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндет екенін атап өтті.

Естеріңізге сала өтсек, осыдан бір апта бұрын ҰҚШҰ Бас хатшысы қызметін 3 жылға жуық атқарған Иманғали Тасмағамбетов қызметінен кетіп, орнына Қырғызстан өкілі Таалатбек Масадыков тағайындалған болатын.