Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша бірнеше деңгейдегі шенеуніктер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұл шаралар Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмасымен қабылданды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Қазанда ЖАП өңірге бөлінген бюджет қаражаты мен мемлекеттік активтердің тиімді пайдаланылуын тексерді. Аудит барысында заңнама талаптарының, бюджет ережелерінің және ішкі регламенттердің бұзылғаны анықталған.
Осыған байланысты облыс әкіміне, Петропавл және Сергеевка қалаларының, сондай-ақ Айыртау, Уәлиханов, Ақжар және Тайынша аудандарының әкімдеріне жауапты тұлғалардың тәртібін қарау жүктелді.
Тексеру қорытындысында тәртіптік жазаға тартылғандар қатарында:
Жоғары аудиторлық палата тексеріс нәтижелерін орындауды бақылауды жалғастыратынын мәлімдеді.