homepage
Фото: istockphoto.com

Жаңаөзенде жалған құрылысшылар халықтан 303 млн теңге жымқырған

03.12.2025, 11:32

Жаңаөзенде тұрғын үй құрылысына ақша жинаған компания халықты 303 млн теңгеге алдап кеткен, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Қаржы мониторингі департаменті «Өзен машиностроительный завод» ЖШС басшылығына қатысты тергеуді аяқтады. Тергеу компанияның екі жыл бойы Жаңаөзендегі «Astana Rich Village» тұрғын үй кешен құрылысын рұқсатсыз жүргізіп, азаматтардан заңсыз ақша жинағанын анықтады.

Компания интернетте төмен бағамен пәтер сатылатынын жарнамалап, 23 адаммен алдын ала келісімшарт жасаған. Осылайша 303 млн теңгеден астам қаржы жиналған. Бірақ бұл қаражат құрылыс материалдарына жұмсалды деген желеумен қолма-қол алынып, іс жүзінде басшылардың жеке қажетіне жұмсалған. 

Үй құрылысы аяқталмаған күйінде қалды.

Залалды өтеу үшін соттың санкциясымен күдіктілердің мүлкіне тыйым салынды. Олардың үйі, пәтері, екі көлігі және үш жер телімі арестке қойылды. Бір күдікті қамауға алынса, екіншісі кепілмен босатылған.