homepage
Фото: СІМ баспасөзі

Қазақстан мен Еуропа: алыс-беріс, барыс-келіс

03.12.2025, 10:37

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Брюссельде ЕО жоғары өкілі Кая Калласпен келіссөз өткізіп, Қазақстан азаматтарына визалық режимді жеңілдету мәселесін талқылады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағытының маңызын атап өтіп, көлік және логистика, цифрлық инновациялар, агросектор және су ресурстарын басқару салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екенін білдірді.

Министрлік 2024 жылы Қазақстан мен ЕО арасындағы сауда көлемі 50 млрд долларға жеткенін, ал еуропалық инвестициялардың жалпы көлемі 200 млрд долларға теңескенін хабарлады. Елімізде ЕО капиталы бар 4 мыңнан астам компания жұмыс істейді.

Еуропалық Одақ Ақтау портын жаңғыртуға 45 млн еуро және жолдарды қайта жаңартуға 150 млн еуро инвестиция бөлуді қарастырып жатыр. Бұл қаржы порттың өткізу қабілетін арттырып, өңіраралық көлік дәліздерін дамытуға бағытталмақ.