homepage
Фото: ашық дереккөзден

Путин Еуропамен соғысуға емеурін танытты

03.12.2025, 09:33

"Ресей Еуропа елдерімен соғысуды көздеп отырған жоқ, әгәрәки Еуропа өзі бастай қалса, Мәскеу дайын", деп мәлімдеді РФ президенті Владимир Путин Мәскеуде өткен инвестициялық форум барысында журналистер сұрағына жауап бере отырып. Ол сондай-ақ, мұндай сценарий жағдайында «келіссөз жүргізетін ешкім қалмайды» деген "күдігін" де жеткізді. 

Ресей басшысы Еуропа АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеуіне кедергі келтіріп отыр деп айыптады. Оның ойынша, Брюссель Ресей қабылдай алмайтын талаптарды бейбіт жоспардың бір бөлігі ретінде ұсынып, сонысымен де соғысты жалғастыруды жақтап отыр. 
«Оларда бейбіт жоспар жоқ. Олар соғыс жағында», - деді Путин. 

Путин осы форумда ұзақ сөз сөйлегені сонша, мұхит асып, келіссөз жүргізуе келген америкалық делегацияны күттіріп қойды. АҚШ-тың арнайы өкілі Стив Уиткофф пен Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер Кремльге уағдаласқан сағатта келсе де, Ресей басшысын 3 сағатқа жуық күткен. Путиннің мұндай әдепкі әдетін сарапшылар "өзін күттіру арқылы келіссөздегі басымдығын көрсеткісі" келеді деп топшылайды. 

Ал, Кремльдегі келіссөзге келсек, ол бес сағатқа жуық созылды. Тараптар бәрін ашып, ашық айтпаса да, Ресей президентінің көмекшісі Ушаков бұл келіссөздерді “жақсы әрі пайдалы” өтті деп бағалады. Территория мәселесіне жеке тоқталған, бұл қос тараптың да ең жанды жері. Бірақ, бұл келіссөздер де нақты нәтиже берген жоқ