Орта салмақта IBF және WBO белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлының қанынан допинг табылды, деп хабарлайды The Ring басылымы өз дереккөздеріне сүйеніп.
Осы жағдайдан кейін Жәнібектің осы сенбіде кубалық Эрисланди Ларамен өткізуі тиіс болған үш белбеу сарапқа салынатын жекпе-жегі өтпейтін болды. Рингке шығатын басқа қарсылас табылды да.
Қазақ боксшысының қанынан табылған зат мелдонийге —VADA 2016 жылдан бері тыйым салған болатын.
Жәнібектің өзі, өзін таңқалдырған жаңалыққа қатысты әлеуметтік желіде былай деп жазба қалдырды:
"Мен әрқашан таза спортты қолдаймын. Мұны жақсы білесіздер. Мен таза спортты насихаттап жүргенімді де білесіздер. Жаңалықты оқып таң қалып отырмын. VADA бірінші рет анализ алып бәрі таза деп еді. Мен витаминдеріме де тамағыма да ешқандай өзгеріс енгізбедім. Екінші рет тестте неге мұндай болғанын түсінбей отырмын, біз қайта анализ тапсыруға өтініш айттық. Жауабын күтіп отырмыз!”.