Өткен бес айда 196 мың бас киіктің еті өңдеу кәсіпорындарына өткізілді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Экология министрлігінің дерегінше, ақбөкендердің саны бүгінде 4 миллионға жеткен. 2026 жылғы төлдеу науқанынан кейін олардың популяциясы 5 миллионнан асады деген болжам бар.
Ведомство киікке қатысты барлық қосалқы өнім — әсіресе мүйізі — қатаң бақылауда деп отыр. Барлық мүйіз тіркеліп, таңбаланады. Олар «Охотзоопром» кәсіпорнының арнайы күзетілетін қоймаларында сақталып жатыр. Бұған дейін министрлік 1 кг киік етінің бағасы 1600 теңгеден сатылып жатқанын айтқан.