Алматы облысында жеті адамның өмірін қиған жол-көлік апатына қатысты жаңа мәліметтер шықты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Honda Odyssey көлігі Алматы–Бішкек трассасының 129-шақырымында HOWO жүк көлігінің тіркемесіне соғылып, жеңіл көліктегі жеті адам — жүргізуші мен алты жолаушы оқиға орнында көз жұмды.
Қаза тапқандардың ішінде сурдоспорт қауымдастығының танымал өкілдері болғаны белгілі болды. Бұл ақпаратты Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің вице-президенті Арсен Шақуов растады.
Құрбандардың тізімі:
Асыл Ибрайымов – есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы футбол жаттықтырушысы.
Дмитрий Мочальский – Сурдлимпиада чемпионы, шахматтан Еуропа чемпионы.
Сәкен Смағұлов – ұлттық құраманың бұрынғы футболшысы, сурдоспорт ардагері.
Сергей Волковинский – ұлттық құрама мүшесі, сурдоспорт ардагері.
Серік Молдашев – ұлттық құраманың бұрынғы ойыншысы, сурдоспорт ардагері.
Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалды. Тергеу апаттың нақты себебін анықтап жатыр.