Қазақстанның статистика саласындағы жұмысы жақсарғаны үшін Дүниежүзілік банк рейтингінде 44-орынға шықты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Өткен жылы еліміз 65-орында болған еді. Бұл — бір жыл ішінде бірден 21 сатыға өсу деген сөз.
SPI индексі жыл сайын халықаралық ресми деректер негізінде түзіледі және ұлттық статистикалық жүйенің жұмыс сапасын бағалайды. Көрсеткіштер деректерді пайдалану, қызмет көрсету, статистикалық өнімдер, дереккөздер және деректер инфрақұрылымы сияқты критерийлер бойынша есептеледі. Бағалау 0-ден 100 балға дейін жүргізіледі.
Өткен жылы Қазақстанның ұлттық статистикалық жүйесі 84,9 балл жинаған. Жалпы өсім «Деректерді пайдалану» (+10), «Дереккөздер» (+10,2), «Деректер инфрақұрылымы» (+10) және «Деректерді ұсыну қызметтері» (+1,1) көрсеткіштерінің жақсаруының арқасында қамтамасыз етілді.
SPI-2024 рейтингінде Норвегия, Швеция және Канада алғашқы үштікті құрап отыр.
Бұған дейін вице-премьер Қанат Бозымбаевтың Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездескен болатын.