Қазақстанда ЖРВИ және Гонконг тұмауы жылдам тарап жатыр. Соңғы екі айда 2 миллион адам вирус жұқтырған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Өткен аптада тәулігіне 21 мың жағдай тіркелген, науқастардың 60 пайызы – балалар.
Эпидемия салдарынан 652 мектепте 9 898 сынып онлайн оқуға ауыстырылды. Қолданыстағы талап бойынша, егер бір сыныптағы оқушылардың 30 пайызы ауырса, уақытша қашықтан оқытуға көшу ұсынылады.
Денсаулық сақтау министрлігі мұндай эпиджағдай желтоқсанның ортасына дейін жалғасуы мүмкін деп болжайды.