Air Astana әуе компаниясына Ақтаудағы рейсін 15 сағатқа кешіктіргені үшін айыппұл салынды., деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Lada.kz жазуынша, Маңғыстау көлік прокуратурасы жолаушылардың құқығын осылайша қорғады.
Ақтау әуежайында рейсін 15 сағат күтіп, Air Astana компаниясынан толық қызмет ала алмаған жолаушылар құзырлы органға ресми түрде өтініш жазған.
Заңда көзделген қызметтерді көрсетпеу туралы уәждер расталды. Атап айтсақ, жолаушыларға қонақүй, тамақ, ана мен балаға арналған бөлме, әуежайдан қалаға дейін жеткізу қызметтері қамтамасыз етілмеген.
«Прокуратураның актісі бойынша әуе компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1,8 миллион теңге айыппұл салынды», – делінген хабарламада.
12 тамызда жолаушылар Ақтау-Алматы бағытына 15 сағат бойы ұша алмай қалған. Жұртшылық тасымалдаушы компания өкілдерінің ұшақтың кешігу себебін түсіндірмегеніне шағымданды.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.