Гонконг полициясы Wang Fuk Court тұрғын үй кешеніндегі өртке қатысты қамауға алынғандар саны 13-ке жетті, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Тексеріс әлі жалғасып жатыр, сондықтан олардың саны бұдан да көп болуы мүмкін. Сараптама барысында ғимараттан алынған 20 құрылыс торының жетеуі өртке төзімділік талаптарына сай келмейтіні анықталған. Осы тор материалдары жоғары жанғыш полиуретан көбігімен бірге өрттің жылдам тарауына себеп болуы мүмкін деген қорытынды жасалды.
Ал, алапат өртте ажал құшқандар саны 156-ға жетті.