homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Елде азық-түлік өндірісі мен экспорты едәуір өскен

02.12.2025, 12:32

Қазақстан биыл ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу мен экспортта айтарлықтай өсім көрсетіп отыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров азық-түлік өндірісі 10 айда 3,1 трлн теңгеге жеткенін айтты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,1% көп.

Министрдің сөзінше, азық-түлік өндірісіне салынған инвестициялар да едәуір артқан. Негізгі капиталға салынған қаржы 60% өсіп, 225 млрд теңгеге жеткен.

Қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты да жоғары қарқын көрсетуде. Биылғы 9 айда оның көлемі 2,5 млрд доллар болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30% артық.