Алматы облысында Алматы–Бішкек күре жолының 129-шақырымында болған жол-көлік апатынан жеті адам көз жұмды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Полиция дерегіне қарағанда, Honda Odyssey мінген жүргізуші алда келе жатқан HOWO жүк көлігінің тіркемесіне соқтығысқан. Жеңіл көлікте болған жүргізуші мен алты жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр. Бұған қоса, 25 қарашада Қазақстан аумағында бір тәулікте болған екі ауыр жол апатында тағы тоғыз адам мерт болғаны белгілі.