Киев АҚШ қаруын алу үшін Еуропа қаржыландыратын PURL бағдарламасы аясында тағы 1 миллиард еуро бөлуді сұрап отыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бұл туралы НАТО жанындағы Украина миссиясының басшысы Алина Гетманчук Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында айтты.
Гетманчуктың сөзінше, 2025 жылдың жазында іске қосылған PURL бағдарламасы айтарлықтай тиімділік көрсеткен. Осы уақытқа дейін ол америкалық Patriot әуе қорғанысы жүйелерінің 75 пайызын және басқа да әуе шабуылына қарсы кешендердің 90 пайызын қаржыландырған. Лауазымды өкіл бұл механизм Украинаға қажетті қаруды үздіксіз жеткізуге мүмкіндік беріп отырғанын атап өтті.
Еуроодақ елдері бөлетін қаржы PURL арқылы АҚШ-тан тікелей қару сатып алуға жұмсалады. Киев осы тетік толық тоқтап қалмас үшін қосымша қаражат сұрап отыр. Гетманчук одақтастардың жаңа көмегі Украина әуе қорғанысын күшейтуге шешуші әсер ететінін жеткізді.